Абат Айымбетов "Арсеналдың" оқу-жаттығу жиынына қатыспақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын арада "Арсенал Туланың" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосылады.

Ойыншының агенттері "Урал" клубындағы сәтсіздіктен кейін ресейлік клубқа ауысудың жаңа нұсқасын іздей бастады. Өз кезегінде "Арсенал Тула" шабуылшыны көруге келісті. Ал ФНЛ-де өнер көрсететін "Крылья Советов" қазақстандық футболшыға келісімшарт ұсынуға дайын.

Айымбетов дәл қазіргі сәтте Ақтөбеде жүр. Бірақ 3 күннен кейін ол тағы да Түркияға аттанады. Қазір жоғары деңгейде ойнағысы келетін шабуылшы "Арсенал" сапына ауысуға қарсы емес.
Метки:
Жаңалықтар