39 миллион доллар тұратын стадионның жағдайы қалай? "Түркістан-Арена" стадионына шолу

Қазақстанның футбол картасында жаңа стадион пайда болды.  Бұл - "Түркістан-Арена". Бұл стадионда ресми матчтар да өтіп үлгерді. Қазақстан Суперкубогының ойындары. Vesti.kz арнайы видеорепортажда стадионның іші мен сырты, артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, стадионның ерекшелігі неде екенін анықтап, спорт кешенінің бағасы туралы ой қозғады. 

 Айта кетейік, Түркістандағы стадионның құрылысы 2019 жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың 30-тамызында аяқталды. 

2-наурыз күні бұл стадионда Қазақстан Суперкубогі аясында "Шахтер" мен "Астана" арасындағы матч өтті. Биыл бұл стадионда Қазақстан Премьер лигасына жолдама алған "Арыс" командасы өнер көрсетеді. 
 

 

Метки:
Жаңалықтар