Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко да Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан Madrid Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда Соболенко күтпеген жерден америкалық Хейли Баптистке (№32) есе жіберді — 6:2, 2:6, 6:7 (6:8). Алғашқы сетте беларусь спортшысы сенімді ойнаса, кейінгі екі партияда қарсыласы камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.
Кездесу 2 сағат 32 минутқа созылды.
Жартылай финалда, 30 сәуір күні, Хейли Баптист ресейлік Мирра Андреевамен (№7) кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін осы турнирде қазақстандық Елена Рыбакина (№2) да сенсациялық түрде жарыстан шығып қалған еді. Ол 1/8 финалда австриялық Анастасия Потаповаға (№56) жол берген болатын.
Жарнама