auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады

WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады
SID©
Бүкіләлемдік бокс кеңеснің (WBC) президенті Маурисио Сулейман тағы да отандасы Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) қорғауға көшті. Оның айтуынша, "Канело" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО өтетін кездесудің алдында допингті әдейі қолданған. 

"Әр спортшы денесіне түсетін зат үшін өзі жауапты. Альваресте өзі жауап беруі керек. "Канело" бұзылған ет жегені үшін кінәлі. Ол тек осы әрекеті үшін ғана айыпты. Бірақ оны допингті әдейі қолданды деп айыптауға болмайды. Бұл жағдайдың осылай аяқталғаны өкінішті. Енді жанкүйерлер 5-мамыр күні бұл керемет жекпе-жекті көре алмайтын болды", - дейді Сулейман. 

Айта кетейік, бұған дейін де WBC президенті "Канелоны" қорғаған еді. Ол кезде бірақ президент Головкинге де қолдау білдірген. 

Еске салайық, 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Forbes Головкин кездесуі мүмкін деген бес боксшының есімін жариялады

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Головкиннің алдағы кездесу қайда өтетіні анықталды

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18-сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

4-сәуір күні Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Кім лайықты? 5-мамырда Головкинге қарсы жекпе-жек өткізе алатын боксшылардың бестігі

TMZ Sports порталының мәліметі бойынша, Головкин "Канеломен" кездесуді кейін өткізуге дайын екен. Екі команданың боксшылары енді жекпе-жек туралы мәселені 2018 жылдың күзінде ақылдасады.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама