auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Деревянченконың адвокаты IBF ұйымына Головкинмен кездесу ұйымдастыру үшін шағым білдірді

Деревянченконың адвокаты IBF ұйымына Головкинмен кездесу ұйымдастыру үшін шағым білдірді
Сергей Деревянченко. © instantboxing.com
Сергей Деревянченконың мүддесін қорғап жүрген адвокат Алекс Домброфф Бүкіләлемдік бокс кеңесіне Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің кездесуі жекпе-жек өтпеген жағдайда, қазақстандық боксшының украиналықпен жекпе-жек өткізу талап етілген хат жіберді, - деп хабарлайды ESPN.

"Деревянченко 2017 жылы тамызда міндетті қарсылас атанды - осыдан сегіз ай бұрын. Сол себепті IBF ережелерін ескере отырып, яғни чемпион тоғыз ай сайын өз белбеуін қорғап тұруы тиіс  болғандықтан Головкин мен Деревянченконы шаршы алаңда кездестіру тиімді болады.

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің маңызды екенін мойындаймыз - бірінші жекпе-жекте де жоспарланған кездесуде де біз еш қарсылық білдірместен екеуінің жұдырықтасуын күттік. Альварестің өз мәселелрінің барына қарамастан, біздің боксшының мансабына әсері болмауы тиіс.

Головкина-Альварес жекпе-жегі кейінге қалатын болса және Головкин басқа біреумен жекпе-жек өткізетін болса, Деревянченко бір жыл не бір жарым жыл күтуі керек болады. Бұл уақыт украиналық боксшының мансабына едәуір әсер беретіні сөзсіз. Қалайда біз IBF ұстанымдарының жоғары тұратынына сенімдіміз", - дейді Домброфф

Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 18 сәуірде шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама