rzG5Do8hXaglrRbeygMHDYuHRyDbOKRJVkIKYz0d
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Сондрес туралы ешқандай әңгіме болмады. Олар "Канеломен" екінші кездесуді өткізуге ниетті". Тілші Головкиннің жоспарымен бөлісті

"Сондрес туралы ешқандай әңгіме болмады. Олар "Канеломен" екінші кездесуді өткізуге ниетті". Тілші Головкиннің жоспарымен бөлісті
©:boxingscene.com
Ағылшындық TalkSport.com спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон өзінің твиттер парақшасында орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің командасының басты жоспары - мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші кездесу ұйымдастыру екенін жазды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Леффлердің әңгімесін тыңдағаннан соң, олардың басты мақсаты "Канеломен" екінші кездесу ұйымдастыру басты жоспарда екенін анық болды. Олар Сондрес немесе басқа боксшылар туралы мүлде айтпады. Басты мақсат - "Канеломен" кездесу", - деп жазды Бенсон. 




Еске салайық, 5-мамыр күні Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесу өткізу керек еді. Бірақ 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Головкиннің промоутері 5 мамырға қалай қарсылас іздеп жатқанын айтып берді

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар