Профи-бокс
6 сәуір 2018 12:05
 
Промоутер Головкин мен Сондерс арасындағы кездесудің қашан өтетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Промоутер Головкин мен Сондерс арасындағы кездесудің қашан өтетінін айтты Билли Джо Сондерс. Сурет: akboxing.ru

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекті күзде өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

"Мен Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Біз Головкин - Сондерс кездесуін күзде өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз Головкинмен 5-мамырда кездесу өткізуді мүлде жоспарлаған жоқпыз. Себебі, Биллидің жарақаты болды. Ал Головкин күнге өзінің жекпе-жегін жоспарлады. 

Сондықтан Билли 23-маусым күні Мартин Мюррейге қарсы белбеуін қорғайды. Егер бұл кездесу біз үшін сәтті аяқталатын болса, біз Головкинмен күзде кездескіміз келеді. Бұл керемет жекпе-жек болар еді. Кездесуді Британияда өткізуге ниеттіміз. Головкин бірнеше рет WBO белбеуін иеленгісікелетінін айтты. Билли болса онымен кездесуге ойланбастан келісім береді. Жекпе-жекті ұйымдастыруға ешқандай қиындық болмайды", - дейді Уоррен BoxingScene порталына берген сұқбатында. 

Сондай-ақ Уоррен Сондерсті қалпақпен ұрып алатын оңай қарсылас емес екенін де айтты. 

"Бұл жекпе-жек Биллидің қаншалықты мықты екенін көрсетеді. Мен оның жеңіске жететініне сенімдімін. Головкинді жеңетін бір боксшы болса, онда ол Сондерс. Оның стильі де, шамасы да жетеді. Бірақ алдымен біз 23-маусым күні Мартинге қарсы кездесуді өткізіп алуымыз керек", - деді промоутер. 

Маман "Канелоның" өз абыройын қалай қайтара алатынын айтты

Еске салайық, 5-мамыр күні Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесу өткізу керек еді. Бірақ 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

WBC Головкинге келесі кездесуінде белбеуін қорғауға және ұйымның арнайы жасалған белбеуіне таласуға рұқсат берді

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Головкинге қарсылас табу қиын болады - НВО шолушысы

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Кеше Головкиннің алдағы қарсыласы мексикалық Хайме Мунгуйя болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ Невада штатының Атлетер комиссиясы бұл кандидатурадан бас тартты. 

Жарнама

Живи спортом!