auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Николай Валуев Жақиянов пен Барнетт кездесуіне болжам жасады

Ресейлік боксшы Жақияновты фоварит деп санап отыр.

Николай Валуев Жақиянов пен Барнетт кездесуіне болжам жасады
Николай Валуев. Сурет: sportsmeny.com
Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Николай Валуев жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің  иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов(27-1, 18 КО) пен осы салмақтағы IBF белбеуі бойынша әлем чемпионы британдық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) арасында өтетін кездесуге болжам жасады. 

"Негізі бұл кездесуді көпшілік асыға күтіп жүр. Өйткені, Жақиянов пен Барнетт кездесуі осы салмақтағы ең қызықты жекпе-жектің бірі болады. Екі боксшы жайла не айтуға болады? Екі боксшы бір-біріне ұқсайды. Бірақ Жанат Жақиянов Райан Барнеттке қарағанда бойшаң және соққылары да ауыр. Дегенмен Райан осал емес. Оның техникасы мықты. Ол жылдым және оны заманауи боксшыларды қатарына қосып жүр. 

Жекпе-жек қызықты болады деп ойлаймын. Менің ойымша 12 раундқа созылатын шығар. Жеңімпаз төрешілердің шешімі бойынша анықталады. Неге? Егер Жақиянов ара-қашықтықты сақтайды. Үнемі сериялы соққылармен жұмыс істейді. Сондықтан да жекпе-жек ұзаққа созылады деп ойлаймын. 

Менің ойымша, Жақияновтың бапкерлері жекпе-жекті қалай өткізу керектігі туралы ойластырып қойды. Енді тек Жақияновқа сәттілік тілейік. Менің болжамым бойынша, Жақиянов ұпай саны бойынша жеңіске жетуі керек", - деп келтіреді Валуевтің сөзін "Рейтинг Букмекеров".



Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар