Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Жақиянов пен Барнетт кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

Жекпе-жек кешін 21-қазаннан 22-қазанға ауысқан түні болады.


Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшының менеджері Филипп Фондю айтты.

Филипп Фондюдің айтуынша, қазіргі уақытта Белфест қаласында (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешінің кестесі Sky арнасымен талқыланып жатыр екен. Дегенмен де екі боксшының да командасы алдын ала құрылған жоспардан шығып кетпейді. 

"Қазір біз бокс кешіне қатысатын барлық боксшылардың шаршы алаңға шығатын уақытын бекітіп қойдық. Тіпті ол кестенің алдын ала жасалған нұсқасын да көрсетуге болады. Өйткені, Sky арнасымен де келісімге келдік. Жекпе-жекті көрсету құқығы толығымен осы арнаға тиесілі. Дейтұрғанмен де біз барлығын жоспар бойынша жариялап отырамыз. 

Қазір Жақиянов пен Барнетт арасындағы бокс кешінің қай уақытта басталатынын айтуға болады. Бокс кеші Астана уақытымен 00:30- да (21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні) басталады. Ал кештің басты жекпе-жегіне шығатын Жақиянов пен Барнеттің кездесуі 03:45-те басталады деп жоспарлап отырмыз", - дейді Фондю. 

Айта кетейік, бұған дейін аталған жекпе-жек кешін Қазақстан аймағында да тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды. Жергілікті арналардың біріне еуропалық Silver Spring Media компаниясы трансляцияны жеткізіп береді. 

Еске салайық, бұл кешке Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы WBA (Super) белбеуін бірінші рет қорғайды. Ал өз кезегінде Барнетт бұл кездесуде IBF белбеуін ортаға салады. 

Бұл бокс кеші 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.








  Пікір: 0
  0