auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мен Барнеттің шамасын жақсы білемін. Ол Жақияновты жеңе алмайды - қазақстандық боксшының бапкері

Мен Барнеттің шамасын жақсы білемін. Ол Жақияновты жеңе алмайды - қазақстандық боксшының бапкері
©:matchroomboxing.com
Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің  иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) бас бапкері Рикки Хаттон шәкіртінің жеңіл салмақта IBF белбеуі бойынша әлем чемпионы британдық Райан Барнеттке (17-0, 9 КО) қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті. 

"Мен Райанды жаттықтырдым. Оның мықты тұстарын білемін. Ол керемет жігіт. Өте талантты. Бірақ ол бізді жеңе алады деп ойламаймын. Бұл кездесуде Райан жеңіске жетуіне оның таланты көмектесе алмайды. Егер ол Жанатты бірінші раундарда ұрып алмаса, оны қиын кездесу күтіп тұр. Олар бір кездері бірге спарринг өткізген. Бірақ қазір бәрі басқашы. Райан рингке шыққаннан бастап, оны көп қиындық күтіп тұр. 

Жанат Роуши Уорренге қарсы өткен кездесулерді қайталамауы керек. Мен оған Уорренді дистанцияда ұстау керек деп айттым. Алайда ол Роушиді жақындатып алды. Мұндай қателікті Райанға қарсы кездесуге қайталауға болмайды. Өткен жекпе-жектен Жанат үлкен сабақ алды. Енді Райанға қарсы кездесуде бар білгенін ортаға салады. 

Райан осы уақытқа дейін Жанат жұдырықтасқан мықты боксшылармен кездесіп көрген жоқ. Жақиянов Карим Герфи секілді Еуропа чемпионы, Роуши Уоррен секілді әлем чемпиондарына қарсы жұдырықтасты. Ал Райанның ең атақты қарсыласы Ли Хаскинс болды. Бірақ оның деңгейі керемет емес", - дейді Хаттон MatchroomBoxing.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама