Мен Барнеттің шамасын жақсы білемін. Ол Жақияновты жеңе алмайды - қазақстандық боксшының бапкері
©:matchroomboxing.com
Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) бас бапкері Рикки Хаттон шәкіртінің жеңіл салмақта IBF белбеуі бойынша әлем чемпионы британдық Райан Барнеттке (17-0, 9 КО) қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті.
"Мен Райанды жаттықтырдым. Оның мықты тұстарын білемін. Ол керемет жігіт. Өте талантты. Бірақ ол бізді жеңе алады деп ойламаймын. Бұл кездесуде Райан жеңіске жетуіне оның таланты көмектесе алмайды. Егер ол Жанатты бірінші раундарда ұрып алмаса, оны қиын кездесу күтіп тұр. Олар бір кездері бірге спарринг өткізген. Бірақ қазір бәрі басқашы. Райан рингке шыққаннан бастап, оны көп қиындық күтіп тұр.
Жанат Роуши Уорренге қарсы өткен кездесулерді қайталамауы керек. Мен оған Уорренді дистанцияда ұстау керек деп айттым. Алайда ол Роушиді жақындатып алды. Мұндай қателікті Райанға қарсы кездесуге қайталауға болмайды. Өткен жекпе-жектен Жанат үлкен сабақ алды. Енді Райанға қарсы кездесуде бар білгенін ортаға салады.
Райан осы уақытқа дейін Жанат жұдырықтасқан мықты боксшылармен кездесіп көрген жоқ. Жақиянов Карим Герфи секілді Еуропа чемпионы, Роуши Уоррен секілді әлем чемпиондарына қарсы жұдырықтасты. Ал Райанның ең атақты қарсыласы Ли Хаскинс болды. Бірақ оның деңгейі керемет емес", - дейді Хаттон MatchroomBoxing.com порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.
АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.

Жарнама