Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесуге үш күн қалғанда қанша билеті сатылды?
Геннадий Головкин. Сурет: Boxing Scene
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасындағы кездесудің жартысынан көбісі сатылып кеткен, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Жекпе-жек 5 мамыр күні орта салмақта Лос-Анджелес (Калифорния штаты) қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешешінде өтеді. Бұл спорт кешені жекпе-жек кезінде тоғыз мың жанкүйерді сыйдыра алады. Дәл осы спорт кешенінде Головкин 2014 жылы мексикалық Антонио Рубиомен кездескен болатын. Ол кезде StubHub спорт кешеніне 9 323 билет сатылған. Бұл спорт кешеніне жанкүйерлержің жиналуы бойынша рекордқа ие болған еді.
5 мамыр күні Головкин жекпе-жегін өткізетін спорт кешені туралы не білеміз?
Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесудің ең арзан билеттері 53 доллар тұрады екен. Ал ең қымбат билеттің құны - 767 доллар. Ең қымбат билеттер рингсайдқа арналған.
8 мың жанкүйерге арналған бұл спорт кешешінде қазір 1985 билет қалған екен. Бос орындар бірнеше секторларда бар. Ал рингсайда орналасқан ең қымбат билеттер аз қалған.
Бұған дейін билеттердің сатылымға шыққан күні 4 329 сатылғаны белгілі болған еді. Бірақ одан кейін билеттердің сатылымы бірден төмен түсіп кеткен. Жекпе-жекке 12 күн қалғанда кассада 3 300 билет қалған болатын. Ресми түрде бұл кездесудің өтетіні туралы 18 сәуір күні хабарланған еді. Ал билеттер сатылымға келесі күні түсті.
Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу Қазақстанда 6 мамыр күні таңғы 9:00 шамасында басталады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазақстандық Руслан Мәдиев те шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы мексикалық Хесус Перес болады.
Айта кетейік, Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды.
\

Жарнама