auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

5 мамыр күні Головкин жекпе-жегін өткізетін спорт кешені туралы не білеміз?

5 мамыр күні Головкин жекпе-жегін өткізетін спорт кешені туралы не білеміз?
5 мамыр күні орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (33-0-1 33 КО) кәсіпқой бокстағы өзінің 39 кездесуін өткізуі тиіс. 

Әу баста отандасымыз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ 3 сәуірден 4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшының жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions баспасөз мәслихатын өткізді. Онда "Канелоның" 5 мамыр күні Лас-Вегаста Головкинге қарсы жоспарланған кездесуден ресми түрде бас тартқаны хабарланды. 

Бұл баспасөз жиынынан кейін Головкин де мәлімдеме жасады. Онда отандасымыз бәрібір де 5 мамыр күні жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты. Аталған кездесу Лас-Вегастағы MGM Grand спорт кешенінде өту керек болған. Тіпті оны комиссия да мақұлдады. Бірақ содан соң жекпе-жектің Лас-Вегас қаласынан Карсондағы StubHub Centre спорт кешеніне ауыстырылуы мүмкін екенін белгілі болды.

Бұл спорт кешені 2003 жылы ашылған. 2013 жылы атауы Home Depot Centre деп өзгертілді. Vesti.kz порталының тілшісі аталған спорт кешені туралы кеңінен баяндап бермек. 

StubHub Centre - көпфункциональды спорт кешені. Мұнда 27 мыңға арналған футбол стадионы, 8 мыңға арналған теннис корты, 20 мың жанкүйерге арналған жеңіл атлетика стадионы, велоспортшыларға арналған 2450 орында кешен бар. Спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған зал да бар. 

Спорт орталығы 2003 жылдың 1 маусымында ашылған. Сөйтіп, алғашқы он жылда демеушілері берген Home Depot Centre деген атаумен келді. 2013 жылдың 1 маусымында спорт кешенінің атауын өзгерту құқығын StubHub (eBay компаниясының бір бөлігі) компаниясы жеңіп алды. Содан соң спорт кешенінің аты "Стабхаб Сентер" (StubHub Center) деп өзгертілді. 

Футбол стадионында "Лос-Анджелес Гэлакси" командасы өз алаңдарындағы кездесулерін өткізеді. Қазіргі уақытта бұл команданың намысын атақты швед шабуылшысы Златан Ибрагимович қорғайды. 

StubHub Centre спорт кешенінде бокс кештері де өтеді. Барлық кештер 8 мың көрерменге арналған теннис орталығы қабылдайды. 

Головкин бұған дейін бұл спорт кешенінде бір кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, 2014 жылы отандасымыз мұнда мексикалық Марко Антонио Рубиомен (59-8-1, 51 КО) кездесіп, жеңіске жетті. Ол кезде жекпе-жекке 9232 билет сатылған. Бұл спорт кешенінің жаңа рекорды. 

Сонымен қатар аталған спорт кешенінде Лукас Матиссе (39-4-0, 39 КО) мен Виктор Постол (29-1-0, 12 КО) кездесіп, бірінші орта салмақтағы WBC белбеуі сарапқа салынды. Сондай-ақ кіші Хулио Сезар Чавес (48-2-1, 32 КО) пен полшалық Анджей Фонфара 27-3, 16 КО) арасындағы кездесу өтті. 

2011 жылы атақты америкалық боксшы Андре Уорд (32-0, 16 КО) орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Артур Абрахаммен (46-6-0 30 КО) кездесіп, үстем түскен. 

Головкиннің жекпе-жегі бұл спорт кешенінде өтетін 21 бокс кеші болуы мүмкін. 











Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама