auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуден қанша табыс түседі?

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуден қанша табыс түседі?
©: Boy Promotions
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (37-0-1, 33 КО) арасындағы екінші кездесуде қанша пайда түсетіні туралы айтып берді. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің өтетіні туралы бірнеше сағаттар бұрын белгілі болды. Жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар бұл бокс кешінің нешеде басталатыны да анықталды

Los Angeles Times басылымының мәліметі бойынша, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуінің билеттер сатылымынан 26 миллион доллар кіріс кірді. Ал НВА арасында кездесуді ақылы жүйеден 1,3 миллион көрермен тамашалаған. Бұл дегенеміз 80 миллион доллар табыс деген сөз.

Де Ла Хойяның айтуынша, егер бірінші кездесудің алдында Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордың арасындағы кездесу болмағанда, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің табысы айтарлықтай көп болатын еді. Ал алдағы екінші кездесудегі табыс бірінші жекпе-жекке қарағанда үш есе көп болады деп болжап отыр ол. 

"Синко ди Майо" мерекесіне ешнәрсе кедергі бола алмайды. Альварес пен Головкин сенімді тауар. Бірінші кездесуде олар әлемдегі ең мықты боксшылар екенін дәлелдеді. Екінші кездесу де қызықты болары сөзсіз", - деді Де Ла Хойя. 

Қазіргі уақытта екінші кездесудің өтетін орны нақты белгілі болған жоқ. Бірақ екінші кездесуді қабылдауға Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" спорт кешені басты үміткер. Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл сұрақ алдағы екі-үш аптада шешіледі. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу "T-Mobile Arena" спорт кешенінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатқан еді. Сонымен қатар бұл кездесудің билеттер сатылымы бойынша көрсеткіш бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Ал Daily Mail баслымының дерегі бойынша, бірінші кездесуде қазақстандық боксшы 25 миллион доллар табыс тапса, мексикалық боксшы отандасымызға қарағанда 10 миллион долларға көп табыс тапқан. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама