auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" арасында үшінші кездесу өтеді ме?

Головкин мен "Канело" арасында үшінші кездесу өтеді ме?
©: Golden Boy Promotions
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (37-0-1, 33 КО) арасындағы үшінші кездесу туралы айтып берді. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің өтетіні туралы бірнеше сағаттар бұрын белгілі болды. Жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар бұл бокс кешінің нешеде басталатыны да анықталды. Бірақ жекпе-жектің қай жерде өтетіні белгісіз. Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атақтарын сақтап қалды.

"Біз көптен бері мұндай жекпе-жекті көрген жоқпыз. Бұл кездесуде орта салмақтың ең мықты екі боксшысы кездеседі. Бәріміз уайымдап отырмыз. Бокс дегеніміз де осы. Головкин мен "Канело" кездесуі тағы да жылдың үздік жекпе-жегі болады", - дейді Де Ла Хойя The Desert Sun басылымына берген сұқбатында. 

Сондай-ақ "Канелоның" промоутері келісімшартта үшінші кездесу туралы келісім жоқ екенін айтты. Дегенмен де Де Ла Хойя үшінші кездесудің болып қалуы мүмкін екенін айта кетті. 

"Бірінші жекпе-жек тең аяқталды. Енді екінші кездесуде жеңілген боксшы міндетті түрде кек қайтарғысы келеді. Сондықтан да Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуі өтуі әбден мүмкін", - дейді ол. 

Бұған дейін Де Ла Хойя екінші кездесуден қанша табыс түсетіні туралы айтқан болатын. Промоутердің жоспары бойынша, екінші кездесудегі табыс бірінші кездесуге қарағанда үш есе көп болады екен. 














Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама