auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің PPV сатылымынан қанша пайда түсуі мүмкін?

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің PPV сатылымынан қанша пайда түсуі мүмкін?
©Bleacher Report
Boxing247.com порталының тілшісі Джеймс Слейтер орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жегінің қанша көрермен ақылы түрде (PPV жүйесі арқылы көру) көруі мүмкін екенін болжап көрді. 

Еске салайық, бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жектің ақылы сатылымын үш миллионға жуық көрермен көретінін айтқан болаты. Егер бұл болжам дәл келетін болса, онда Головкин - "Канело" кездесу бокс тарихында Мейвезер мен Пакьяо арасында өткен кездесуден кейінгі екінші табысты жекпе-жек болмақ. Дегенмен тілші алдағы кездесу мұндай көрсеткішті көрсетеді дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеп отыр. 

"Қазір бұл жекпе-жектің қай жерде өтуі маңызды емес. Қзаір Оскар Де Ла Хойяның кездесуге болжаған PPV сатылымы маңыздырақ болып тұр. Ол үш миллион көрермен деп болжады. Әрине, "Канелоның" өз жанкүйерлер тобы бар. Тіпті кейбір жекпе-жектерде миллион ақылы сатылымға қол жеткізді. Ал Мейвезермен өткізген кездесуде 2,2 миллион көрермен жинады. 

Бірақ Головкин pound-for-pound бойынша үздік боксшы болғанымен, жоғарыдағы көрсеткіштердің маңына да жолған жоқ. Альвареске қарсы кездесу, оның карьерасындағы басты жекпе-жектердің бірі болады. Дегенмен "Канелоның" атағына қарамастан, бұл кездесудің үш миллион көрермен жинауы мүмкін емес. Екі миллионға жақындауы ықтимал. Бір және екі миллион арасындағы көрсеткіш шындыққа жақындау сияқты. Бір нәрсе анық: Мейвезер мен Пакьяо жинаған 4,6 миллиондық рекордтық көрсеткіштің мұрты бұзылмайды" , - дейді тілші. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канелоның" кіші Хулио Сезар Чавеске қарсы өткізген жекпе-жегіндегі PPV сатылымының көрсеткіші әлі нақты жарияланған жоқ. ESPN арнасының мәліметі бойынша, бұл кездесуді 1,2 миллион көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалапты. 

Ал Головкиннің соңғы америкалық Дэниэль Джейкобсқа (32-2, 20 КО) қарсы өткізген кездесуін 170 мың көрермен ақылы жүйе бойынша көрген. 








Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама