auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ESPN тілшісі Жақияновтың мықты тұстарын атап өтіп, Барнеттпен өтетін кездесуге болжам жасады

Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Белфест қаласында өтеді.

ESPN  тілшісі Жақияновтың мықты тұстарын атап өтіп, Барнеттпен өтетін кездесуге болжам жасады
©:boxingscene.com
ESPN телеарнасының тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов осы салмақта IBF белбеуінің иегері британдық боксшы Райан Барнеттпен арасындағы кездесуге болжам жасап, қазақстандық боксшының мықты тұстарып атап өтті. 

"Біз керемет жекпе-жектің куәсі болғалы тұрмын. Бұл кездесуде Барнеттің қаншалықты мықты боксшы екенін көреміз. Жақиянов қарымды боксшы. Ол Барнеттің карьеарсындағы ең мықты қарсыластың бірі болады. Егер Барнетт кездесуді жақсы бастаса, жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ ол өте баяу қимылдайды. Сондықтан Жақиянов оның шаршы алаңдағы барлық қимылдарын бақылап отырады деп ойлаймын. Егер Барнетт бірінші раундтан бастап белсенді қимылдамаса, кездесу ұзаққа созылып, Жақиянов тәжірибесінің арқасында жеңіп кетуі ықтимал. Өйткені, Уорренде тура осындай қателік жасаған еді. 

Көпшілік Жақияновтың неге аутсайдер санайтынын түсінбеймін. Бұл екі мықты бокс арасында өтетін кездесу. Менің ойымша, Барнеттке шамалы ғана басымдықты беруге болады. Дегенмен де кездесу қалай аяқталса да таң қалмаймын", - дейді Барбоза. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар