auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Елеусіновті ертерек құлатқым келеді. Бірақ ол да осал қарсылас емес" - отандасымыздың қарсыласы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті

Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі 28 сәуірде өтеді.

"Елеусіновті ертерек құлатқым келеді. Бірақ ол да осал қарсылас емес" - отандасымыздың қарсыласы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті
Сурет Киддтің жеке архивынан алынды.
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы болатын америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне Олимпиада ойындарының чемпионатымен өткізетін кездесу туралы пікірмен бөлісті. 

Жартылай орта салмақта алты раундқа жоспарланған кездесу 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс" спорт кешенінде америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасында жоспарланған бокс кешінің андеркартында өтеді. 

22 жастағы Кидд кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы уақытқа дейін үш мәрте жеңіске жетсе (екі нокаут), бір рет қарсыласымен тең түскен. Кидд барлық кездесулерін Миссури штатында өткізген. 

- Ноа, Елеусіновпен өтетін кездесу туралы айтып берсеңіз ...

- Біріншіден, мен Олимпиада ойындарының чемпионымен кездесемін. Мен бір апта бұрын онымен кездесетінімді білген кезде, бірден ғаламторға кіріп, оның қаншалықты мықты екенін көрдім. 

Білесіз бе, ол шынымен де мықты боксшы. Оның техникасы мықты. Өткен жылдам. Сондықтан мен оның ауық соққысын жіберіп алмау үшін ара-қашықты сақтап жұдырықтасамын. 

- Алдағы кездесуден не күтесіз?

- Жақсы шоу. Біз шаршы алаңға шыққан кезде, бізді үлкен шоу күтіп тұрғанын білеміз. Мен оны ертерек құлатқым келеді. Бірақ жекпе-жектің қалай өтеінін білмеймін. Оның үстіне Елеусіновтің тәжірибесі мол. Оны нокаутқа түсіру үшін өзімді жүз пайызға жақсы қырымнан көрсетуім керек. 

- Бокста кімді үлгі тұтасыз?

- Флойд Мейвезер. Маған оның тек шаршы алаңдағы әрекеті ғана емес, сөздерін іспен дәлелдейтіні де ұнайды. Ол өзіне назар аударта алады. Бірақ ол айтқан нәрсесін міндетті түрде іске асырады. Мен Мейвезерді үлгі тұтамын. Бірақ алдағы уақытта отбасым үшін әлемдегі ең мықты боксшы боламын. 

Бұған дейін кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы туралы Дания Елеусіновтің өзі пікір білдірген еді. Ол қарсыласы ортаңқол боксшы деген болатын. 

Еске салайық, 27 жастағы Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі екінші мүмкіндігінен кейін ауысты. Науырз айының басында ол Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) секілді боксшылардың жекпе-жектерін ұйымдастыратын британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар