auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы жайлы не дейді?

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы жайлы не дейді?
©: Данияр Майлыбаев
Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін америкалық боксшы Ноа Киддке қарсы өткізеді. Отандасымыз алғашқы жекпе-жегі мен қарсыласы жайлы ойын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Бұл – менің алғашқы жекпе-жегім. Өзіме деген сенімділікті арттыруым қажет. Осыған қарай қарсылас таңдалды. Білуімше, ортаңқол боксшылардың бірі. Алғашқы жекпе-жекте шаршы алаңға бой үйретіп, кәсіпқой бокс атмосферасын сезіну үшін жұдырықтасуға болатын боксшы, - деді Данияр.

Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кеші 28 сәуір күні Нью-Йорктегі "Барклайс" аренада өтеді. Басты кездесуде орта салмақтағы Дэниэль Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки қолғап түйістіреді.

Жартылай орта салмақта өтетін Данияр Елеусінов пен Ноа Кидд жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастаған. 4 жекпе-жек өткізіп, 3-де жеңіске жеткен. 1 кездесуінде қарсыласымен тең түскен. Барлық жекпе-жектерін туған өлкесі Миссури штатында өткізген.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.

Айта кетейік, 28 сәуірдегі бокс кешінде Нью-Йорктегі қазақстандық полицей Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) та шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық боксшы Анхель Саринанмен (7-7-2, 3 КО) жұдырықтасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама