auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Александр Бородюкке Қазақстан қатты ұнап қалды - ресейлік комментатор

Александр Бородюкке Қазақстан қатты ұнап қалды - ресейлік комментатор
Александр Бородюк. Сурет "Чемпионат.сом" сайтынан
Ресей спорт комментаторы, тележүргізуші, журналист және футбол Ресей құрамасының бұрынғы баспасөз қызметкері Илья Казаков Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Александр Бородюктің Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғаны туралы пікірімен бөлісті.

- Меніңше, оған Қазақстан қатты ұнап қалған. Астанадан тіпті басы айналған. Ол жергілікті футболмен жақсы таныс, қазақтарға көзқарасы оң. Қазақстан тарапынан тез арада ұсыныс жасалды. Сол себепті Бородюк қазір сіздердің құрамаларыңызды баптайды. Ол жұмыс істеген жерінде нәтижеге жете білетін. "Қайратпен" ел Суперкубогын жеңіп алды. Оның үстіне, командаға Аршавин және Тесак секілді жоғары деңгейлі футболшыларды әкелді.

- Александр Бородюк Қазақстан құрамасынан жақсы ойын өрнегін көрсетін ұжымды жасақтай алады ма?

- Мен бір нәрсені нық сеніммен айта аламын: ол жаттықтырған команда ешқашан өз деңгейінен төмен өнер көрсетпеген. Маңыздысы ол ұжымда шетелдік маманның қалай қабылданатыны және бапкердің өзіне қаншалықты ауырлық түсетінін жақсы түсінеді.

Айта кетейік, кеше алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы жаттықтырушысы, ресейлік маман Александр Бородюк ресми түрде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Ресейлік маман Қазақстан Ұлттық құрамасын алдағы үш жыл бойы баптайды. Келісімшарт мерзімі осы уақытқа жоспарланған. Александр Бородюктің Ұлттық құрама тізгінінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ол футболдан Ресей құрамасының бапкерлер қосынында болып, бірнеше жаттықтырушының көмекшісі болған.

Ал осы уақытқа дейін Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін Талғат Байсуфинов ұстап келген. Енді ол Қазақстан футбол Федерациясының Ұлттық құрамалар департаментінің техникалық директоры қызметін атқарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама