Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ресми: Александр Бородюк - Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Бұған дейін Ұлттық құраманың тізгінін Талғат Байсуфинов ұстап келген.


ҚФФ ресми сайтынан
ҚФФ ресми сайтынан
Алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюк ресми түрде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресейлік маман Қазақстан Ұлттық құрамасын алдағы үш жыл бойы баптайды. Келісімшарт мерзімі осы уақытқа жоспарланған. Александр Бородюктің Ұлттық құрама тізгінінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ол футболдан Ресей құрамасының бапкерлер қосынында болып, бірнеше жаттықтырушының көмекшісі болған.



Бұған дейін Бородюктің Ресейдің жастар құрамасы мен Беларусь Ұлттық құрамасын жаттықтыруы ықтимал деген мәлімет шыққан еді.

Еске салайық, 54 жастағы маман  "Қайратты" 2016 жылғы маусымның басында жаттықтырған еді. Ол алматылық клубпен Қазақстанның Суперкобогын жеңіп алғанымен, маусым барысында көрсеткен нәтижесі көңіл көншітпеді. Сол себептен ресейлік маман өз еркімен қызметін босатты.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін Талғат Байсуфинов ұстап келген. Енді ол Қазақстан футбол Федерациясының Ұлттық құрамалар департаментінің техникалық директоры қызметін атқарады.


  Пікір: 1
  0  

Пікірлер

 
 
Жанкүйер Қазақ Елі 27 ақпан 2017 23:05
Мәртебе: Юниор
Рейтинг: 85
Оңбағандар! Өз елінде қазақтарға жұмыс жоқ. Құлдық санадан қашан айырыламыз?