Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында рекорд орнатты

Сурет: iihf.com

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатында рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Рекорд Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы кездесуде тіркелді. Бұл ойында біздің құрама 11:3 есебімен жеңіске жетті

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында бір ойында 11 шайба соққан бірінші құрама атанып отыр. Бұған дейін үздік көрсеткіш Германия құрамасына тиесілі еді. Олар Италия құрамасын 9:4 есебімен жеңген болатын. 

Айта кетейік, бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинап, топты екінші орынға көтерілді. Көшбасындағы Финляндия құрамасында да 10 ұпай. Алайда біз қосымша көрсеткіштер бойынша төмен тұрмыз. Италия болса бұл әлем чемпионатында ұпай алмаған жалғыз команда болып тұр. 

Енді біздің құрама топтық кезеңнің соңғы ойынын 31 наурыз күні өткізеді. Қарсыласымыз Норвегия құрамасы. 

 

Метки:
Жаңалықтар