Футбол
Бүгін 10:07

Салахтың арқасында ӘЧ матчінде жеңіске жеткен Мысыр топта бірінші болды

©fifa.com

Мысыр ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияны ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

G тобының екінші туры аясындағы кездесу Канададағы Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында өтіп, 3:1 есебімен мысырлықтардың пайдасына аяқталды.

Кездесуде алғашқы голды Жаңа Зеландия құрамасы соқты - 15-минутта қорғаушы Финн Сурман есеп ашты.

Алайда екінші таймда Мысыр құрамасы ойынды толық өз бақылауына алды. 57-минутта Мостафа Зико таразы басын теңестірсе, 68-минутта Мохамед Салах командасын алға шығарды. Бұл голда Зико нәтижелі пас берді.

82-минутта Салах өз кезегінде Трезегеға пас беріп, ол соңғы нүктені қойды — 3:1.


Айта кетейік, осы топтағы тағы бір ойында Бельгия мен Иран 0:0 есебімен тең түскен болатын. Қос команда екі турдан кейін екі ұпайдан жинады.

Ал Мысыр екі матчтан кейін төрт ұпай жинап, топтың көшбасшысына айналды.

Еске салайық, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне әр топта алғашқы екі орын алған командалар тікелей өтеді. Сонымен қатар үшінші орын иеленген сегіз үздік құрама да келесі кезеңге жолдама алады.
 
 
 
 
 
 

 До сброса лимита после 13:58 будет использо

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport