Мадридтік "Реал" президенті Флорентино Перес Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе "корольдік клубтан" кетуі мүмкін деген ақпарат тараған соң шабуылшының болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Перес Мбаппені трансферге шығаруға дайынЖурналист Хуан Хесустың ақпаратынша, "корольдік клуб" басшысы 27 жастағы шабуылшының тағдырына қатысты нақты ұстанымға келді.
Егер Мбаппе келесі жазда мадридтік клубпен жаңа келісімшартқа келіспесе, "Реал" басшылығы оны сатуды қарастыруға дайын. Клуб бұл мәселені футболшымен келісімшарттың аяқталуына бір жыл ғана қалатын жағдайға дейін жеткізгісі келмейді. Өйткені бұл жағдайда "Реал" ойыншының кетуінен қомақты өтемақы алу мүмкіндігінен айырылуы ықтимал.
Бұл ретте франциялық шабуылшының клубпен қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.
Мбаппе Мадридтен кетуді ойластыра бастады"Реал" басшылығының бұл шешімі Мбаппенің болашағына қатысты тараған қауесеттермен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін шабуылшы Мадридте өзіне қажетті қолдауды сезінбегендіктен, клуб ауыстыру туралы ойлана бастағаны хабарланған еді.
БАҚ мәліметінше, Килиан "Реалдан" кетуге шешім қабылдаған жағдайда мансабын Англияда жалғастыру мүмкіндігін қарастырып отыр.
Мбаппенің карьерасыМбаппе мадридтік клубқа 2024 жылдың жазында франциялық "Пари Сен-Жерменмен" келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде қосылды. "Реалға" ауысқанға дейін шабуылшы "Монако" сапында да өнер көрсетті.
Ағымдағы маусымда Мбаппе "Реал" сапында сегіз матч өткізіп, 8 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін Килианның айналасындағылар оның келесі маусымға жаңа клуб таңдағаны хабарланған еді. Сонымен қатар "корольдік клубтың" бас бапкері Жозе Моуриньюдің Мбаппеден көңілі қалғаны айтылды.