Футбол
Бүгін 15:44
 

"Реалдан" кетуді ойлаған Мбаппе жаңа клуб тапты

  Пікірлер

blog.share

"Реалдан" кетуді ойлаған Мбаппе жаңа клуб тапты ©Depositphotos.com/DURAOFOTO

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы әрі Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе келесі маусымда ойнағысы келетін клубты таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы әрі Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе келесі маусымда ойнағысы келетін клубты таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ливерпуль" Мбаппенің өкілдерімен байланысқа шықты

Журналист Франсуа Гальярдоның ақпаратынша, Англияның "Ливерпуль" клубының өкілдері футболшының анасы әрі агенті Файза Ламаримен байланысқа шыққан. Мбаппенің өзі мерсисайдтық клубты Англия Премьер-лигасындағы (АПЛ) басым нұсқа ретінде қарастырып отырғапны айтылуда.

Бұған дейін дереккөз франциялық футболшы "Реалдағы" серіктестерінен жеткілікті қолдау көрмейтінін хабарлаған еді. Журналистің айтуынша, қазіргі жағдай Мбаппеге жайсыздық тудырып отыр және бұл оны Англияның 20 дүркін чемпионының сапына ауысу туралы шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін.

Мбаппе "Реал" сапында нәтижелі ойынын жалғастырып келеді

Мбаппе мадридтік клубқа 2024 жылдың жазында "Пари Сен-Жерменмен" келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде қосылды. Бұған дейін ол "Монако" сапында да ойнаған. Шабуылшының "Реалмен" қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген.

Биыл маусымда 27 жастағы шабуылшы мадридтіктер сапында сегіз матч өткізіп, сегіз гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Бұған дейін "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуриньюдің Мбаппеден көңілі қалғаны хабарланған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!