Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші кездесуде аргентиналықтар испаниялықтарға қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді. Матч аяқталғаннан кейін Месси көз жасына ерік берді.
"Көңілім түсіп тұр. Бірақ біз бар күшімізді салып ойнағанамызды білемін. Шынын айтқанда, олар мықтырақ болды. Біз жеңілдік және оны мойындаймыз.
Бұл осы уақытқа дейін атқарған еңбегімізді ұмытамыз дегенді білдірмейді. Сондықтан халқымызға, командаластарыма және бүкіл елімізге алғыс айтқым келеді", – деп береді Мессидің сөзін ESPN.
Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында сегіз матчқа қатысып, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ал турнирдің үздік сұрмергені Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе атанды. Ол он гол соғып, төрт нәтижелі паспен көзге түсіп, "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды.