Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниядан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алтын жүлде үшін өткен кездесуде аргентиналықтар 0:1 есебімен ұтылып, шешуші голды екінші экстра таймында жіберіп алды. Месси матчты негізгі құрамда бастап, соңғы минутқа дейін алаңда болғанымен, нәтижелі әрекет көрсете алмады.
Еске салайық, Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады. Ал Испания 2010 жылдан кейән қайтадан әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, Месси турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде екінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша одан тек Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ғана озық тұр.
Жарнама