Футбол
Бүгін 10:07

"Келесі ӘЧ өзгеше өтетін болды". Моуринью Мессидің құрамадан кетуіне қатысты

©m.iacobucci.tiscali.it/depositphotos.com

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью Аргентина құрамасының аңызға айналған шабуылшысы Лионель Мессидің ұлттық құрамадан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жарқын әрі ұмытылмас халықаралық мансабыңмен құттықтаймын. Келесі Америка кубогы мен келесі әлем чемпионаты мүлде өзгеше өтеді", - деп жазды Моуринью Мессидің әлеуметтік желідегі жазбасының астына.

Бұған дейін Месси Аргентина құрамасында өнер көрсетуін тоқтататынын мәлімдеген. Шабуылшы ұлттық командада 2005 жылдан бері ойнап, жолдастық кездесулерді қоса есептегенде, барлық турнирде 207 матч өткізді.

39 жастағы аргентиналық футболшы құрама сапында 125 гол соғып, 68 нәтижелі пас берген.

"Ла Альбиселесте" сапында Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2021 және 2024 жылдары екі рет Америка кубогын иеленді. Сондай-ақ 2022 жылы Финалиссима турнирінің жеңімпазы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport