Футбол
Бүгін 00:36

"Қайрат" та Қазақстан кубогы жарысынан шығып қалды

©Vesti.kz

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан 4 команда белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Қызылордада "Қайсар" Алматының "Қайрат" командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойында алаң иелері сапынан Ерсұлтан Қалдыбеков пен Батырхан Тәжібай гол соқты. 

Ойын аяқталар тұста Азамат Тұяқбаев есепті қысқартты. Нәтижесінде осы есеп сақталып, алаң иелері ширек финалға жолдама алды. 

Матч басында "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырза жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. 

Ширек финалда "Қайсар" "Астананы" жарыс жолынан шығарған Қостанайдың "Тобылымен" кездеседі. 

Сондай-ақ "Жеңіс" пен "Жетісу" командалары да ширек финалға жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport