Жарнама

Футбол
Бүгін 20:47
 

"Тобыл" 9 ойыншымен "Астананы" жарыс жолынан шығарды

  Пікірлер

blog.share

"Тобыл" 9 ойыншымен "Астананы" жарыс жолынан шығарды ©"Тобыл" ФК

Қостанайдың "Тобыл" командасы Қазақстан кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қостанайдың "Тобыл" командасы Қазақстан кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана Аренада" өткен 1/8 финалдағы матчта қостанайлық ұжым алаң иелері "Астана" командасын жарыс жолынан шығарды. 

Ойында бірінші болып 7-минутта Амин Талал гол соғып, "Тобылды" алға шығарды. Алайда 42-минутта команда сапында Данияр Үсенов қызыл қағаз алып, 10 ойыншымен қалды. 

80 минутта елордалық ұжым таразы басын теңестірді. Гол авторы — қорғаушы Санжар Ануаров.

Алайда матчтың соңғы минуттары қонақтардың пайдасына шешілді. 87-минутта Жаслан Жұмашев пенальтиден жеңіс голын соқты. Ал гол соққанға дейін "Тобыл" сапында Рубин Хебай жарақат алып қалған болатын. Бар ойыншысын ауыстырып қойған командада мүмкіндік қалмаған еді. Нәтижесінде қостанайлықтар матчты тоғыз ойыншымен аяқтаса да, жеңісті сақтап қала алды.

Ширек финалда "Тобыл" "Қайсар" және "Қайрат" командаларының ұтқанымен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!