Футбол
30 сәуір 02:15

Екі пенальти болған ойында "Атлетико" мен "Арсенал" тең тарқасты

©UEFA

Футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы "Атлетико" мен "Арсенал" арасындағы бірінші тең аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz

"Рияд Эйр Метрополитано" стадионында өткен матчта 1:1 есебі тіркелді. 

Бірінші болып 44-минутта Виктор Дьекереш пенальтиді сәтті орындап, гол соқты. Екінші таймда "Арсенал" қақпасына пенальти белгіленді. "Атлетико" сұрмергені Хулиан Альварес есепті теңестіре білді. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын 5 мамыр күні Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді. 

Айта кетейік, кеше өткен жартылай финалдағы бірінші ойында ПСЖ "Баварияны" 5:4 есебімен ұтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport