Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ПСЖ мен "Бавария" арасындағы матчта 9 гол соғылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Парижде өткен матчта 5:4 есебімен ПСЖ жеңіске жетті. Тартысқа толы өткен ойын футбол жанкүйерлеріне айрықша мереке сыйлады.
Бірінші болып "Бавария" есеп ашты. 17-минутта Харри Кейн пенальтиді сәтті орындап, мюнхендік клубты алға шығарған. 25-минутта Хвича Кварацхелия таразы басын теңестірді.
Одан кейін ПСЖ сапында Жоау Невеш баспен гол соғып, есепте командасын алға шығарды. 40 минутта Майкл Олисе шеберлік танытып, есепті теңестірді.
Бірінші тайм аяқталар тұста Усман Дембеле пенальтиден ПСЖ екінші рет алға шығарды.
Екінші таймды париждік ұжым ширақ бастады. 56 минутта Кварацхелия, араға екі минут сала Дембеле дубль авторлары атанып шыға келді.
"Бавария" ойыншылары да тезірек ес жиып, есепті қысқарта білді. 65-минутта Дайо Упамекано, араға үш минут сала Луис Диас гол соқты.
Нәтижесінде Париждегі триллер 5:4 есебімен аяқталды. Екі команда арасындағы қарымта матч бір аптадан кейін Мюнхенде өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал жартылай финалдағы екінші матчта бүгін "Атлетико" мен "Арсенал" командалары кездеседі.
Жарнама