auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ресейлік спортшы МакГрегормен бірге автобусқа шабуыл жасағаннан кейін UFC-223 турнирінен шеттетілді

Ресейлік спортшы МакГрегормен бірге автобусқа шабуыл жасағаннан кейін  UFC-223 турнирінен шеттетілді
©:mmaboxing.ru
Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік Артем Лобов ирландиялық Конор МакГрегормен бірге UFC-223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасағаннан кейін турнирден шеттетілді. Бұл автобустың ішінде Лобовтың отандасы Хабиб Нурмагомедов те болған, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі mmafighting.com порталына сілтеме жасап. 

Оқиға Бруклинде болды. МакГрегор достарымен бірге автобуста отырған UFC-223 қатысушыларына шабуыл жасады. Ирландиялық спортшы автобустың алдыңғы терезесін шағып тастаған, соның салдарынан америкалық файтер Майкл Кьеза зардап шекті. Кейінірек UFC президенті Дэйна Уайт Нью-Йорк полициясы МакГрегорды тұтқындауға ордер бергенін хабарлады. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, автобусқа шабуыл жасаған кезде МакГрегордың қасында Лобов та болған екен. Ол кеше Нью-Йорктағы қонақ үйлердің бірінің холында Нурмагомедовпен ерегісіп қалған болатын. 7-сәуір күні өтетін UFC-223 турнирінде Лобов америкалық Алекс Касереспен кездесу өткізуі керек болатын.

Хабиб Нурмагомедов қазақ жігітімен ерегесіп қалды 

Ал бұл турнирде нурмагомедов америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі. Бұған дейін Уайт 2016 жылдың қараша айынан бері ММА жекпе-жектеріне қатыспаған МакГрегор ресейлік және америкалық спортшылардың арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесетінін айтты. 

Конор МакГрегор UFC файтерлері отырған автобусқа шабуыл жасады

Аllboxing.ru порталының мәліметі бойынша, МакГрегордың қасында ережесіз жекпе-жектегі карьерасын бастағалы жүрген танымал қазақстандық воркаутер Ислам Бадургов та болған. Отандасымыз көпшілікке МакГрегорға пародия жасап танымал болған еді. Кейіннен ирландиялық спортшы Бадурговты жаттығу лагеріне шақырған болатын. 

"UFC тарихындағы ең келеңсіз жайт. Уайт МакГрегордың әрекетіне қатысты пікір білдірді

Еске салайық, желіде спортшылардың Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде ерегескені түсірілген видео таралған етін. Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстайды. Қақтығыс түсірілген видеода қазақстандық воркаутшы, соңғы кезде әйгілі Конор МакГрегор болып пранк ұйымдастыру арқылы танылған Ислам Бадургов та бар. Таяуда Ислам ММА-ға өтетінін мәлімдеген Бадурговты ашуға берілген ресейлік шапалақпен ұрған.








Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама