Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
UFC ұйымында өнер көрсететін Хабиб Нурмагомедов бұрынғы отандасы, қазіргі уақытта Ирландия елінің атынан өнер көрсететін Артем Лобов және қазақстандық Ислам Бадурговпен ерегесіп қалды.
Бруклинде өтетін UFC223 турнирінің қатысушылары орналасқан қонақ үйде Хабиб Нурмагомедов Артем Лобовпен және онымен бірге келе жатқан Ислам Бадурговпен ерегесіп, қол көтерген. Дағыстандық екеуіне де шапалақпен тартып жіберген. Алайда ерегестің соңы төбелеске дейін жеткен жоқ.
Айта кетейік, Ислам Бадургов воркаутпен айналысады. Түр-келбетінің Конор Макгрегорға ұқсас болған себепті ирландиялық спортшыға бірнеше мәрте пародия жасаған.
Хабиб Нурмагомедовтың бұлқан-талқан болып бұрынғы отандасының жағасынан алуға Артем Лобовтың келемежі себеп болса керек. Ресейлік спортшы Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жектен денсаулығына байланысты бас тартқан кезде Артем Лобов оны "қорқақ" деп атап, "қатынға" теңеген болатын.
Жарнама