Бокс
Кеше 14:22

WBO титулынан бас тартқан Жәнібек карьерасына қатысты шешімін жария етті

©Тұрар Қазанғапов

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы (17-0, 12 КО) басқа салмаққа ауысатынын мәлімдеді, передают Vesti.kz.

Бұған дейін Жәнібектің орта салмақта WBO белбеуінен бас тартқаны хабарланған еді.

Енді қазақстандық боксшы екінші рта салмаққа ауысуды жоспарлап отыр.

"Орта салмақты біраз шулатып, екі бірдей Әлем чемпионы титулын иелендік! Qazaq style-ды осы салмақта әлемдік аренаға алып шықтық. Орта салмақ боксшыларының түнгі қорқынышы атандық. Талай қызықтар мен қиындықтарды, қуаныштар мен сәтсіздіктерді де осы салмақта бастан өткердік! Осы салмақта әнұран шырқатып, көк ту желбіреттік! Жанкүйерлерге естен кетпес өнер көрсетіп, жарқын нокауттар сыйладық!

Енді осы ісімізді суперорта салмақта жалғастырамыз! Осы салмақта біраз атақты боксшылар бар. Менің салмағымда болғандар қазір осы суперорта салмақта өнер көрсетіп, чемпион атануда. Соларды біраз қинайық Бұл шешімді америкадағы командамызбен, промоутер және менеджермен ақылдаса отырып, мақсат қоя қабылдадық!

Бұрыннан айтып жүретініміздей, біз 3-4 салмақтың чемпионы боламыз, бұйыртса!

Ал, жанкүйерлер! Суперорта салмаққа қош келдік!", - дейді боксшы. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport