Қазақстандық Валерия Аксенова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Валерия ширек финалда үндістандық Найнамен кездесті.
Жекпе-жектің тағдыры шешуші үшінші раундта анықталды. Төрешілер үндістандық боксшыға басымдық беріп, ол төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.
Өзбекстандағы турнирде Қазақстан құрамасынан осылай үшінші боксшы жарыс жолын аяқтап отыр. Бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит және 75 келідегі Шұғыла Нәлібай ширек финалда жеңілді.
Қазақстан құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) мен Өнер Сейілхан (80 келі) жартылай финалға жолдама алды.
Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Жарысқа World Boxing халықаралық ұйымының шақыруын алған 31 елден 142 спортшы қатысып жатыр.