Бокс
Бүгін 09:16

Сарапшы шатаспады. Санжар Әлем кубогі алтынын алды

©СДР

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Тәшкенбай Өзбекстан боксшысы Асильбек Жалиловпен кездесті.

Тартысты өткен кездесу қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Төрешілердің шешімі бойынша Санжар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Раундтардағы есеп те оның басымдығын көрсетті - 2:3, 4:1, 4:1.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық сарапшы Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай Әлем кубогі алтыннын алатынын айтқан

Санжар Тәшкенбай Қазақстан құрамасының ең атақты әрі табысты боксшыларының бірі саналады. Оның қоржынында Ташкентте өткен 2023 жылғы және Ливерпульде ұйымдастырылған 2025 жылғы әлем чемпионаттарының екі алтыны бар. Сонымен қатар ол 2022 жылғы Азия чемпионы атанған.

Ал Асильбек Жалилов 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Азия чемпионы және World Boxing ұйымының Әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы. 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport