| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
16 маусым 12:20
 

Екі қазақ боксшыға Қытайдағы Әлем кубогі кезеңінің алтынын "алдын ала берді"

  Пікірлер

blog.share

Екі қазақ боксшыға Қытайдағы Әлем кубогі кезеңінің алтынын "алдын ала берді" © Instagram/@boxingkazakhstan

Британиялық бокс сарапшысы әрі шолушысы Тейлор О'Хиггинс Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы Қазақстан құрамасы көшбасшыларының мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Британиялық бокс сарапшысы әрі шолушысы Тейлор О'Хиггинс Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы Қазақстан құрамасы көшбасшыларының мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сарапшының пікірінше, аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай турнирдің басты фавориті саналады.

"Қазіргі әлем чемпионы Айбек Оралбай (Қазақстан) аса ауыр салмақта алтын алуға басты үміткер. Дегенмен оның жолында бірнеше қызықты әрі қауіпті қарсылас кездесуі мүмкін", - деп жазды Тейлор О'Хиггинс әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, британиялық маман Қазақстан құрамасындағы тағы бір боксшының чемпион атануға мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

"Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) аса жеңіл салмақта тұғырдың ең биік сатысына көтерілуге басты фавориттердің бірі. Алайда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиев соңғы уақытта бірнеше маңызды жеңіске қол жеткізді. Жартылай финалда Тәшкенбай Испания боксшысы Мартин Молинамен немесе Аустралия өкілі Омер Изазбен кездесуі ықтимал. Былтыр өткен Үш ұлт турнирінде Молина Изазды жеңген еді, бірақ, ол жекпе-жек Испанияда өткен болатын", - деді сарапшы.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтуде.

Биылғы жарысқа әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы турнирге 17 спортшыны алып келді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!