Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Черногорияның Будва қаласында өткен U19 әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақтағы шешуші жекпе-жекте ол өзбекстандық Ислам Салиховпен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен басым түссе, екінші раундта өзбекстандық қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші раундта Салихов басымдық танытып, жекпе-жекте жеңіске жетті және әлем чемпионы атанды. Ал Саможонов турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін боксшылар екі рет финалда кездескен. Биыл наурызда Futures Cup турнирінің финалында өзбекстандық боксшы жеңіске жетсе, ал шілдеде өткен U19 Азия чемпионатының финалында қазақстандық боксшы басым түскен еді.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Бибарыс Әшірбай (70 келі) мен Алина Құдайгенова (57 келі) жеңіліс тапты. Ал Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына турнирдегі жалғыз алтынды алды.