Қазақстандық боксшы Зарина Толыбай Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында ол ресейлік Самара Итониевамен кездесті.
Бірінші раундта қарсыласы 4:1 есебімен басым түссе, екінші раундта қазақстандық боксшы дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Шешуші үшінші раундта Толыбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:1.
Осылайша, Зарина Толыбай әлем чемпионы атанып, Қазақстан құрамасы сапынан турнирдегі алғашқы алтынды алды. Ал Самара Итониева күміс жүлдеге ие болды.
Жарнама