Қазақстандық боксшы Армат Арманұлы (7-1, 5 KO) 31 қазанда Ақтөбеде өтетін бокс кешінде угандалық Шадири Муса Бвогимен (11-1, 5 KO) титул үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Арманұлы WBA Asia белбеуі үшін айқасады
Арматтың айқасы бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Оның қарсыласы Угандадан келген Шадири Муса Бвоги болмақ. Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жекте WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Қазақстандық боксшы бұған дейін ресейлік Харон Запольскийді (8-2-1, 5 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Шілде айында өткен жекпе-жекте Арманұлы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
Бвоги де соңғы жекпе-жегін шілде айында өткізді. Уганда боксшысы сол кезде отандасы Фахад Ссервадданы (0-3) төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
Төлтаев та титул үшін жұдырықтасады
Бұған дейін Ақтөбедегі бокс кешінде тағы бір қазақстандық Саматәлі Төлтаевтың (8-0, 4 KO) өнер көрсететіні хабарланған еді. Ол жеңіл салмақта WBA ұйымынң бұрынғы чемпионы, панамалық Хесреэль Корралеспен (27-8, 10 KO) кездеседі.
Бұл жекпе-жекте IBF Pan-Pacific белбеуі сарапқа салынады.
Жарнама