Бокс
2 шілде 10:43
 

Қырғыз боксшыдан жеңілген Жүсіпов мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Қырғыз боксшыдан жеңілген Жүсіпов мәлімдеме жасады ©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов World Boxing ұйымдастырған Астанадағы Әлем кубогі кезеңінде сенсациялық жеңілістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов World Boxing ұйымдастырған Астанадағы Әлем кубогі кезеңінде сенсациялық жеңілістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Жүсіпов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жегінде Қырғызстаннан келген Алмаз Орозбековке жол берді. Қазақстандық боксшы бірінші және екінші раундтарда айқын басымдықпен - 5:0 есебімен жеңіп жатқан болатын. Алайда үшінші раунда оның қасы жарылып, дәрігер нұсқауынан кейін жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына берілді.

"Ассалаумағалейкүм, құрметті спорт сүйер қауым! Күні кеше мен үшін Әлем кубогы өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, бұл жолы қалаған нәтижеге жете алмадым. Спорт - ол тек жеңіс қана емес, жеңіліспен де қатар жүретін күрделі жол. Жарыс алдында алған жарақатымды толық емдеп үлгермесем де, бар күшімді салып, дайын болуға тырыстым. Қолымнан келгенін аямадым.

Болған жағдайға байланысты түрлі ақпарат таратып жатқан азаматтар үшін айтарым:
“Біздің басты мақсатымыз еліміздің абыройын асқақтату және бір команда болып еңбек ету”. Мені қолдап, сенім білдірген барша жанкүйерлерге, жақындарыма және бапкерлеріме шынайы алғысымды білдіремін! Бұл тек бір кезең ғана. Алла қаласа, алдымызда әлі талай белес бар", - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!