Кубалық нокаутшы Канелоның өзі сескенетін чемпионды айқасқа шақырды

©SHOWTIME

Екінші орта салмақта WBA World титулына ие кубалық Давид Моррел осы дивизионда WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Давид Бенавидесті айқасқа шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 сәуір Лас-Вегаста кубалық боксшы алдымен бразилиялық Ямагучи Фалькаомен жекпе-жек өткізеді. Ал былтыр қарашада Моррел қазақстандық Айдос Ербосынұлын ауыр нокаутқа түсірген болатын

"Бапкер ретінде маған да қиын". Тұрсынғали Еділов Ербосынұлының жағдайына қатысты

"Қазіргі таңда бар назарым алдағы айқаста (Фалькаоға қарсы). Бұл үлкен мүмкіндік. Қалай бар, солай айтып отырмын. Осы жекпе-жекте жеңсем, назарым 100 пайыз Давид Бенавидесте болады. Мен онымен жұдырықтасқым келеді, ол да менімен айқасқысы келеді деп ойлаймын. Ендеше осыны ұйымдастырайық, ешқандай сылтаудың керегі жоқ. Жекпе-жекті ұйымдастырайық, артық ештеңе емес", - деп береді Моррелдің сөзін vRINGe.com.

Айта кетейік, тегі мексикалық Давид Бенавидес біраз уақыттан бері Канеломен жекпе-жек өткізуге тырысып жүр, алайда Альварес еш келісетін емес. 

Тайсон Канелоға қатысты шындықты ашық айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport