auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бапкер ретінде маған да қиын". Тұрсынғали Еділов Ербосынұлының жағдайына қатысты

"Бапкер ретінде маған да қиын". Тұрсынғали Еділов Ербосынұлының жағдайына қатысты
©aqzhelken

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғаи Еділов жуырда өткен Айдос Ербосынұлы мен кубалық Дэвид Моррел айқасына бағасын берді. Vesti.kz тілшісімен әңгімелескен даңқты жаттықтырушы жекпе-жекті уақытынан ерте тоқтату керек еді дейді.

- Тұрсынғали мырза, Айдос Ербосынұлының соңғы жекпе-жегі туралы не айтасыз?

- Мықты бапкер деген тек боксшысын мықты жаттықтыру деген сөз емес. Тіпті әуесқой бокста да бапкерлер жекпе-жек кезінде өз шәкірттеріне қатты мән бермей жатады. Ауыр соққылар алып жатқанына көңіл бөлмейді. Соның салдарынан қаншама былғары қолғап шебері рингте көз жұмды. Осы орайда бапкердің тәжірибесі мол болу керек. Шәкіртінің рингте қалай қолғап түйістіріп жатқанын сезіне білу керек. Мысалы, Айдос қарсыласынан үлкен басымдылықпен жеңіліп жатты. Мүмкіндік болмады. Ербосынұлын жақсы білемін. Ол батыр, намысты жігіт. Алайда рингтегі төреші мен бапкері істі насырға асырмай уақытынан ерте тоқтатуы керек еді.

- Кубалықтардың әуесқой бокста мықты екендігін білеміз. Қазіргі таңда "бостандық аралының" өкілдері бақтарын кәсіпқойда сынауға мүмкіндік алып жатыр...

- Кубалықтар туа салып боксқа бейім келеді. Олардың бойлары да, қолдары да ұзын. Таза бокспен айналысу үшін жаралғандай. Мейлі волейбол, күрес түрлері тағы да басқа спорт түрлері болсын, спортқа бейім келеді. Соның ішіде әрине бокстан мықты. Енді кәсіпқойға қадам басып жатыр. Олар әлі өздерінің мықты екендігін көресетеді. Куба деген өзі кедей мемлекет қой. Ашаршылық болған. Соны көріп өскен халық спорт арқылы күн көргісі келеді. Сол арқылы жарыққа шыққысы келеді. Тіпті Олимпиада чемпиондарына кезінде бір жигули көлігін және бір үй ғана береді екен. Олар соған жету үшін барын салады. Кезінде өзіміз Кубада болғанда осының барлығын көргенбіз. Қазір әлем чемпионаттарында қаржылай ақша беріп жатқандықтан, олар аянып қалмайды.

- Айдостың қарсыласы Дэвид Моррельдің деңгейіне тоқталсаңыз...

- Айдостың қарсыласы соншалықты танымал да емес. Бірақ жылдам, сезімтал, соққылары жойқын мықты екен. Айдосқа Алла шипасын берсін. Кезінде менің жаттығу залымда талай келіп дайындалған. Өзім әуесқой бокспен Америкаға, Италияға талай алып барғам. Оның қазіргі жағдайын көру, есту бапкер ретінде маған да қиын. Аман-есен сауығып шықсын деген тілегім бар.

Еске салайық, Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінде 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңғы раундта кубалықтың жеңісімен аяқталды. Моррел ауыр соққылар сериясынан кейін айдос Ербосынұлы нокаутқа түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама