Бокс
Бүгін 00:36
 

"Қазақтың Тайсоны" мен Ресей боксшысының айқасы төрешілер шешімімен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Қазақтың Тайсоны" мен Ресей боксшысының айқасы төрешілер шешімімен бітті © instagram/amankonsbekov

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының қорытынды кезеңінде ресейлік Сергей Сергеевтен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының қорытынды кезеңінде ресейлік Сергей Сергеевтен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қонысбеков төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді

75 келідегі ширек финалда төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Сергеевке берді. Осылай Ресейлік боксшы жартылай финалға өтіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесін иеленуге мүмкіндік алды. Ал Қонысбеков үшін жарыс аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы жекпе-жекті агрессивті мәнерде өткізуіне байланысты "Қазақ Тайсоны" лақап атымен танымал. 2026 жылдың шілдесінде ол 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанды. Ал Таразда өткен Қазақстан чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде иеленді.

Әлімханұлы титулды айқас алдында "Қазақтың Тайсонымен" рингке шықты

Әлем кубогы Ташкентте өтіп жатыр

World Boxing-2026 Әлем кубогының қорытынды кезеңі 28 қарашада басталып, 3 желтоқсанда аяқталады. Жарысқа 30 елден 132 боксшы қатысып жатыр. Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінің әрқайсысында сарапқа салынады.

Бұған дейін Қазақстан чемпионы Фарух Тоқтасынов таза жеңіске жетіп, Әлем кубогының жартылай финалына өтті. Сонымен қатар Карина Ибрагимова Қазақстанға турнир финалына алғашқы жолдаманы сыйлады. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бір боксшысы қытайдан жеңіліп жарысты ақятады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!