Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы дебютіне дайындықты бастады. Дайындық аясында Жәнібек "Қазақ Тайсоны" лақап атымен танымал Аман Қонысбековпен спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы Қонысбековпен спарринг өткізді
Бірлескен жаттығу туралы Қонысбековтің өзі мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Әлімханұлымен түскен суреттерін жариялады. Кадрларда қос боксшының да жаттығу киімінде жүргені көрінеді. Сондай-ақ суретке түскендер арасында Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжанов та бар
"Жәнібек бауырыммен спарринг өткізіп жатырмыз", – деп жазды Қонысбеков.

"Қазақ Тайсоны" кім?
Қонысбеков Әлімханұлының табиғи салмағы 75 келігде белгілі. Қараша айының басында боксшы Таразда өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол – 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азияның екі дүркін чемпионы. Аман аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсонға ұқсас агрессив жұдырықтасу мәнеріне байланысты осылай атанып кеткен.
24 қарашада Қонысбеков World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін 2026 жылғы бокстан Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасына енді. Турнир Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Аман ел намысын 75 келіге дейінгі салмақта қорғайды.

Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындалуда
Қазақстандық боксшының екінші орта салмақтағы дебюті 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Данияның Хорсенс қаласында оның қарсыласы жергілікті 25 жастағы боксшы Якоб Бэнк (20-0, 11 KO) болады.
Бұл жекпе-жекте бұған дейін британиялық Хамза Шираз босатқан WBO белбеуі сарапқа салынады. Әлімханұлының кәсіпқой рингтегі рекорды – 17 жеңіс, оның он екісі нокаутпен аяқталған.
Еске салайық, әуесқой бокста Жәнібек 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 2013 жылы әлем чемпионы атанса, бір жылдан кейін Азия ойындарында топ жарды. Ал 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады.
2026 жылдың жазында Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысу үшін орта салмақтағы WBO титулынан өз еркімен бас тартты.
Жарнама