| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
16 маусым 15:14
 

Қазақстанның ерлер командасынан бірінші боксшы Әлем кубогінен шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның ерлер командасынан бірінші боксшы Әлем кубогінен шығып қалды ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда қазақстандық спортшы жеребе қорытындысы бойынша Бразилия боксшысы Келви Триндадпен кездесті.

Үш раундқа созылған тартысты айқастың қорытындысында төрешілер жеңісті бразилиялық боксшыға берді. Осылайша, Қабдешов турнирдегі өнерін ерте аяқтады.

Айта кетейік, бұл Қазақстан ерлер құрамасы үшін Гуйяндағы Әлем кубогындағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін бұрымдылар құрамасының көшбасшыларының бірі Наталья Богданова да жарыс жолынан шығып қалған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Санатәлі Төлтаев Әлем кубогында Еуропа чемпионатының жүлдегерін жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов қарсыласын жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты.

World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтуде. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері жүлделер үшін талас жүргізіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!