Екі дүркін Әлем чемпионы атағына ие Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева Бразилиядағы Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Алуа Балқыбекова ирландиялық Дайана Мурхауспен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Аида Әбікеева марокколық Дуа Закимен кездесті. Шаршы алаңдағы шайқаста отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Виктория Графеева жартылай финалға шыққан болатын.
Жарнама