Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шаршы алаңға алғаш болып шыққан Виктория Графеева (60 келі) Канада өкілі Мари ал Ахмадимен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Фос-ду-Игуасуде өтіп жатқан Әлем кубогы 26 сәуірге дейін жалғасады.
Жарнама