Бокс
Бүгін 09:29

Қазақстандық боксшы қыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Әзербайжан өкілі Эмили Рзаевамен кездесті. Виктория жекпе-жек барысында айқын басымдық көрсетіп, қарсыласынан деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Нәтижесінде төреші екінші раундтың ортасында жекпе-жекті тоқтатып, Графееваға техникалық нокаутпен жеңіс берді.

Айта кетейік, бұл турнирде қазақстандықтар арасынан алғашқы техникалық нокаутты Диас Молжігітов тіркеген болатын. Ол 1/16 финалда қарсыласын уақытынан ерте жеңіп шыққан еді.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күнінде Фарух Тоқтасынов (70 кг) та ширек финалға өтті. Ал Назым Қызайбай (54 кг) 1/8 финалда польшалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Еске салсақ, 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл турнирге 16 боксшыны (9 ер, 7 әйел) жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport